Архив событий

26/12/2014

Мүліктік залал келтірген сотталушының қылмыстық ісі қысқартылды

26/12/2014

Сотталушы  Ә. алкогольді еліту жағдайында  бөтен мүлікті тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен  жасырын ұрлау мақсатында, қақпасы ашық тұрған аулаға кіріп, үйдің ауласында ешкім жоқтығын және оны ешкім бақылап тұрмағандығын пайдаланып, өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырып, азаматша А.-ның тұрғын үй-жайына заңсыз кіріп, үйдің кіре беріс бөлмесінің оң жақ бетінде орналасқан әжетхана бөлмесінде тұрған қара түсті, құны 40 000 теңге тұратын жаздық, бауы бар ерлер аяқ киімін жасырын ұрлап, 40 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Көлікті мас күйінде жүргізген құқық бұзушы он тәулікке қамалды

26/12/2014

М. көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ бола тұра, «Шымкент-Самара» тас жолының 1945/321 шақырымында өзінің басқаруындағы  автокөлігін спирттік ішімдік ішкен мас күйінде басқарып, яғни ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабының 8-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.

Сотта ол өз кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін көрсетті.

Сот оны  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 467-бабының 8-бөлігімен кінәлі деп тауып, оны 10 /он/ тәулікке қамауға алды.

Алаяқтық жасаған әйелдің қылмыстық ісі қысқартылды

26/12/2014

Алаяқтықпен, бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алумен байланысты жасалатын қылмыстар әлі де күрделі мәселе болып қала беруде. Аталған қылмыстың басты ерекшелігі жәбірленушінің мүлкін алаяққа өз қолымен беретіндігінде.

Бүгінгі күні жұмысқа тұрғызып беру туралы алаяқтық қылмыстары кеңінен таралған. Осындай қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 177 бабында қарастырылған.