Архив событий

23/12/2014

Облыстық сотта семинар сабағы өтті

23/12/2014

 

Кеше Қызылорда облыстық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинарға Қызылорда облыстық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Сабақты облыстық соттың судьясы З.Нұрсейітов ашып, күн тәртібіндегі бірқатар мәселелерді талқыға салды.

Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

23/12/2014

Қызылорда  облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық  сотына талап қоюшы ЖШС-нің жауапкер ЖК-ін  мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершіліктен босатты

23/12/2014

Сырдария аудандық сотының қаулысымен Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің тұрғыны А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-5-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасап, әйелімен бітімгершілікке келуіне байланысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 71-1-бабының 1-бөлігінің негізінде әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, ол жөніндегі іс өндірістен қысқартылды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында құқық бұзушы А. алкогольмен мас күйінде өзінің тұрғын үйінде әйелі К.-ны. былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысын кемсітіп, жанұя тыныштығын бұзғандығы анықталған.