Архив событий

30/12/2014

Облыстық сот судьялары төраға қызметтеріне тағайындалды

30/12/2014

Қазақстан Республикасы Президентінің судьялар қызметіне тағайындау туралы 24.12.2014 жылдың №983 Жарлығына сәйкес, Қызылорда облыстық сотының судьясы Баймаханов Сембек Үдербайұлы Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының, судья Ерманов Алмат Нұрмұратұлы Атырау қалалық сотының төрағасы қызметтеріне тағайындалды.

Олардың Қызылорда облыстық сотына сіңірген еңбектері, сот төре-лігінің сапалы жүзеге асуына қосқан үлестері зор.

Баласын абайсызда өлтіріп алған әкенің еркіндігіне шектеу қойылды

30/12/2014

 

Сотталушы А. Шиелі кентінің орталығына жеке жұмысымен бармақшы болып, үйінің алдында тұрған автокөлігіне отырып, автокөлігімен артқа қарай жүріп бара жатып, автокөліктің астына еңбектеп барған өзінің баласын абайсызда басып кетеді.

Шиелі аудандық сотында қаралған әкімшілік іс тараптардың бітімге келуімен аяқталды

30/12/2014

Азамат Д. өз үйінде ішімдік ішіп, заңды некедегі әйелімен ұрсысып, арақтың әсерінен оны ұрып-соққан. Ішімдіктің уақыты тарқаған соң, есін жиып, әйелімен не үшін және қашан ұрып-соққанын есіне түсіре алмаған.

Шиелі аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 79-1 бабының 1  бөлігімен Д.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Нәтижесінде, Д. әйелінен кешірім сұрап, әйелі оған кешірім берген.

Аудандық соттың қаулысымен іс қысқартылды.