Архив событий

25/12/2014

Қоғамдық тәртіпті бұзған құқық бұзушы айыппұл төледі

25/12/2014

Құқық бұзушы Ц. азаматша  М.-ға былапыт сөйлеп, жеке тұлғаның ар-намысына тиетін балағатты сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық көрсетіп, құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы Ц. өзінің іс-әрекетін толық мойындады.

Сот құқық бұзушыны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танып, оған 3 /үш/ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге айыппұл салды.

III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды

25/12/2014

 

Қызылорда облыстық сотында өткізілген Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында, көп жылдық мінсіз қызметі үшін Арал аудандық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Икина Баян Нағашыбайқызы ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.

Икина Баян Нағашыбайқызы 18 жылдан астам уақыт сот жүйесінде тынымсыз еңбек атқарып, өз қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып келеді.  

Анасын балағаттап әкімшілік қамауға алынды

25/12/2014

 

Құқық бұзушы С., өзінің үйінде анасы А.-ға қарсы ар-намысына тиетін балағат сөздер айтып, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдірген.

Осылайша С. бұрын отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер үшін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде, осы іс-әрекеттерді қайталап, ҚР ӘҚБтК-ң 79-5-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта құқық бұзушы С. кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінетінін білдірді.