Архив событий

02/12/2014

Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді

02/12/2014

2014 жылдың 2 желтоқсанында Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарымен мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен жаңадан қабылданған қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару кодексін және әкімшілік құқық бұзушылық кодексін талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Бейнебайланыс жүйесі арқылы селекторлық кеңес өтті

02/12/2014

 

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті бейнебайланыс жүйесі арқылы сот өндірісін жетілдірудің ағымдағы мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді.

Кеңесті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы І. Испанов жүргізді.

Судьялар арасында семинар сабағы өтті

02/12/2014

 

2014 жылдың 28 қарашасында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен семинар сабағы өтті.

Семинарды Қызылорда облыстық сотының судьясы З.Нұрсейітов ашық деп жариялап, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.