Архив событий

08/12/2014

Азаматтық іс жүргізуде судьяның қатысуымен бітімге келу (судебная медиация) пилоттық жобасы бойынша дөңгелек үстел

08/12/2014

 

Азаматтық іс жүргізуде судьяның қатысуымен бітімге келу (судебная медиация) пилоттық жобасы бойынша Сырдария аудандық сотында 2 желтоқсан 2014 жылы аудандық соттың төрағасы А.Абдулланың жүргізуімен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық сот қызметкерлері, аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері және аудандағы кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Жаңа Қылмыстық атқару кодексінің талаптары бойынша дөңгелек үстел өтті

08/12/2014

 

05.12.2014 жылы Қызылорда қаласы № 2 сотында жаңа Қылмыстық атқару кодексінің талаптары бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қызылорда облыстық, қалалық прокуратурасының, Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің өкілдері және тағылымдамадан өтуші судья лауазымына үміткерлер қатысты.

 Дөңгелек үстелде құқық қорғау органдарының өкілдері кодекс бойынша туындаған сұрақтарына соттың төрағасы және судьялар жауап беріп, жаңа заң бойынша ойларын ортаға салып пікір бөлісті.

Қоғамдық тәртіпті бұзу

08/12/2014

 

Сырдария аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы Қ.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды. Әкімшілік құқық бұзушы Қ. 24.10.2014 жылы, сағат 18.00-дер шамасында жәбірленуші К.-ны себепсізден-себепсіз былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысына тиіп, яғни қоғамдық орында жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, басқа да төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.

Аталған баппен құқық бұзушы Қ. кінәлі деп танылып, оған 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.