Архив событий

29/12/2014

Тонау қылмысын жасаған сотталушының қылмыстық ісі қысқартылды

29/12/2014

Сотталушы М. арызданушы Д.-ға жолығып, өзін «Айдана» деп таныстырып, келінін іздеп жүргендігін, баратын ешқандай туыстарының жоқ екендігін айтып, үйіне бір күнге түнеп шығуға рұқсат сұрап, оған келісім берген.

Осыдан кейін ертеңіне, сотталушы М. ұйқысынан тұрған соң, сол үйдің ішкі бөлмесінің терезесі алдында тұрған Д.-ға тиесілі, бағасы 30 000 теңге тұратын «Nokia-N-70» үлгісіндегі ұялы телефонын жасырын ұрлап алып кеткен.

Тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

29/12/2014

Сотталушы Б. арызданушы Ш.-ға бұзақылық ниетпен себепсізден-себепсіз тиісіп, оң қолының жұдырығымен соңғының бетінің сол жақ тұсына күштеп ұрып жерге құлатып, аяқтарымен денесінің әр жерлеріне тепкілеп, төменгі жақ сүйегін сол жақ бұрышы арқылы жабық, ығыстыра сындырып, «орташа» ауырлықтағы дене жарақатын салған.

Сөйтіп сотталушы Б. бұзақылық ниетпен адамның денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіріп, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 104-бабының 2-бөлігінің «д» тармағында қаралған қылмысты жасаған.

Қоғамдық тәртіпті бұзған құқық бұзушы айыппұл төледі

29/12/2014

Құқық бұзушы Б. Қоғамдық орында былапыт сөйлеп, жеке тұлғаның ар-намысына тиетін балағатты сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық көрсетіп, құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы Б. өзінің іс-әрекетін толық мойындады.

Сот, оны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен  кінәлі деп танып, оған 3  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 5556  теңге айыппұл салды.