Архив событий

16/04/2014

Топтық төбелеске қатысқан мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қаралды

16/04/2014

           Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотында ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен айыпталған  кәмелетке толмаған сотталушы В.Хасеновке қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы В.Хасенов 2013 жылдың қазан айының 7 күні 13:00 шамасында қасына бір топ мектеп балаларын ертіп, Алтынсарин атындағы кинотеатр жанына барып, №4 орта мектеп балаларының сабақтан шығуын күткен.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16/04/2014

           Құқық бұзушы Ш. 19.03.2014 жылы сағат 16:30 шамасында Қызылорда қаласы, Мостовая мен Жібек Жолы көшелері қиылысында орналасқан «Синойл» жанармай бекетінің жанында темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде қаралған ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

          Құқық бұзушы Ш. ҚР ӘҚБтК-ның 330-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып және оған 3 /үш/ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге айыппұл салынды.