Топтық төбелеске қатысқан мектеп оқушысына қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

           Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотында ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен айыпталған  кәмелетке толмаған сотталушы В.Хасеновке қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотталушы В.Хасенов 2013 жылдың қазан айының 7 күні 13:00 шамасында қасына бір топ мектеп балаларын ертіп, Алтынсарин атындағы кинотеатр жанына барып, №4 орта мектеп балаларының сабақтан шығуын күткен. Мектептен қайтып келе жатырған №4 мектептің бір топ баласына себепсізден себепсіз тиісіп, сөзге келіп, төбелесіп, сол жерде кәмелетке толмаған Мухитдинның оң жақ аяғының сан тұсына пышақ тығып алған. Соның салдарынан Мухитдинның денсаулығына жеңіл зиян келтірген дене жарақатын салған.

            Кәмелетке толмаған сотталушы өз кінәсін мойындап, жәбірленушімен татуласып, жәбірленуші оған кешірім берген.

           Сот үкімімен ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен айыпталған   сотталушы Хасенов ҚК-нің 67 бабының 3 бөлігіне сәйкес, қылмыстық  жауапкершіліктен босатылып, сотталушыға ҚК-нің 82 бабындағы тәрбиелік мәжбүрлеу шаралары қолданылған.

          Мектеп оқушыларының топтық төбелеске баруына жол беріп, тәрбиелік шаралармен айналыспағаны үшін Қызылорда қалалық білім бөлімі, №4 орта мектеп, №217 орта мектеп, жалпыға білім беретін кешкі мектеп және Қызылорда қалалық агротехникалық колледж тарапына сотпен жеке қаулы шығарылды.

         (Аты-жөндері өзгертілген)

                                                                                  Соттың баспасөз қызметі