Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

           Құқық бұзушы Ш. 19.03.2014 жылы сағат 16:30 шамасында Қызылорда қаласы, Мостовая мен Жібек Жолы көшелері қиылысында орналасқан «Синойл» жанармай бекетінің жанында темекі шегіп, қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде қаралған ұсақ бұзақылық әрекетін жасаған.

          Құқық бұзушы Ш. ҚР ӘҚБтК-ның 330-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып және оған 3 /үш/ айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге айыппұл салынды.

                                                                                                                                 Соттың баспасөз қызметі