Архив событий

08/04/2014

Сот залынан

08/04/2014

             01 сәуір 2014 жыл жылы Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  ашық сот мәжілісінде талапкер  «Казгермунай» ЖШС-нің жауапкер Қызылорда облысы бойынша салық департаменті ММ-нің 30.12.2013 жылғы № 264  тексеру актісін ішінара және № 264 хабарламаның 1 745 501 981 теңге бөлігінде жою туралы азаматтық ісі  қаралды.

            Сот, істегі құжаттарды зерттеп, қатысушы тараптардың түсініктерін және прокурордың талап арызды қанағаттандыруға жатады деген қорытындысын тыңдап, талапты ішінара қанағаттандыру жөнінде шешім қабылдады.

 

Өзінің туған анасын балағаттағаны үшін қамауға алынды

08/04/2014

         Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 79-5 бабының 1 бөлігімен құқық бұзушы С.Б-ның әкімшілік ісін қарады. Әкімшілік құқық бұзушы С.Б. 19.01.2014 жылы, сағат 19.20-лар шамасында спирттік ішімдігін ішкен мас күйінде өзінің анасы Б.С-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, үй-мүлкін бүлдіріп, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіп, тыныштығын бұзған, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 79-5 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған деп әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.