Архив событий

29/04/2014

Облыстық сотта жедел кеңес өтті

29/04/2014

      28 сәуір 2014 жылы Қызылорда облыстық сотында  облыстық сот төрағасының, алқа төрағаларының және Қызылорда қаласында орналасқан соттар төрағаларының, кеңсе басшысы мен бөлім бастықтарының қатысуымен кезекті жедел кеңес өтті.

      Жиынды облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков жүргізді.     

      Жиналыста алқа төрағаларының, аудандық және қалалық сот төрағаларының, кеңсе басшысы мен бөлім бастықтарының өткен жұмада атқарған жұмыстары туралы ақпараттары тыңдалды.

Тараптарды сот отырысына шақырудағы елеулі мәселелер

29/04/2014

          2014 жылдың 28 сәуірі күні Қызылорда қалалық сотында қалалық соттың судьялары мен Қызылорда облыстық телекоммуникация дирекциясының заңгері Ж.Садуақас, «Казпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Б.Ж.Құттыбаева, №14 Байланыс бөлімінің бастығы Р.Оспанова, №1 Сұрыптау бөлімінің бастығы З.Абдоллаеваның қатысуларымен сот актілерін және сотқа шақыру хабарламаларын тарату қызметіне байланысты «Сот тараптарын сот отырысына шақырудағы елеулі мәселелер» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.