Архив событий

25/04/2014

Онлайн режимінде сот процесі өтті

25/04/2014

        Қазіргі уақытта сот ісін жүргізуге заманауи ақпараттық-коммуникациялық технология «бейнеконференц байланыс» жүйесінің енгізілуі сот процесіне қатысушыға арақашықтыққа қарамай, оның сот талқылауына қатысу құқығының толығымен сақталуын қамтамасыз етеді. Әсіресе, қылмыстық істер бойынша сот отырысын онлайн режимінде өткізу уақыттың үнемделуі жағынан өте тиімді.

Есірткі сатып пайда табамын деп бес жылға бас бостандығынан айырылды

25/04/2014

      Сотталушы Г.М. есірткі затын өткізу мақсатында 2014 жылы ақпан айының бас кезінде Әйтеке би кентіндегі бұрынғы нан зауыты мекемесінің жанынан тауып алған есірткі заты 3-дана газет қиындысына оралған кептірілген марихуананы өзінің үйінде  заңсыз сақтап, өз үйінде ол затты Ж. деген азаматқа 1-дана газет қиындысына оралған салмағы 1,26гр.

Аналық құқығынан айырылды

25/04/2014

       Бала толық қанды отбасында тәрбиеленуі тиіс. Толық отбасында дұрыс тәрбие алған бала ғана ертеңгі күні қоғамның мүшесі бола алады. Бұл ретте отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің де, ананың да алар орны бөлек. Дегенмен, дүниеге әкелген ананың баласы алдындағы жауапкершілігі зор. Жауапкершілікті ұмытып, ішімдікке әуес болып, өмірдің ләззатын арақтан іздеп, баласына қарамай, оның тәбиесімен айналысуды тіптен ұмытқан ананың бұл әрекеті ерсі көрінетіні анық.