Архив событий

23/04/2014

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті

23/04/2014

         24 ақпан 2014 жылы Қармақшы аудандық сотының мәжіліс залында, аудандық соттың үйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

        Дөңгелек үстелге құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық соттың судьялары мен қызметкерлері қатысты.

        Дөңгелек үстелдің басты тақырыбы ретінде іс шарада бекітілген «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау» тақырыбы талқыланды.

Дөнгелек үстелді Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев кіріспе сөзбен ашып берді. Дөңгелек үстелге қатысушылар аталған тақырып бойынша ескертулер мен ұсыныстарды талқыға салды.

 

Ақшаның жатқан жерін көрген соң, ұйқыдан айырылды

23/04/2014

        Колледж студенті, кәмелетке толмаған Н., өзінің танысы М-ді оның тұрып жатқан жалдамалы пәтерге алуды сұраған болатын. Өз кезегінде М. ол пәтерде оның туысқан ағасы, інісі және тағы бір жігіт тұратындығын айтты. Сонда да болса Н-нің көңілін қимай, қасындағы адамдармен сөйлесіп, пәтерге алады.

Сот залынан ақпарат

23/04/2014

         Талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ы жауапкер Б.К. қарыз ақша  өндіру туралы азаматтық ісі 03.04.2014 жылы қаралды.

         Сот істегі құжаттарды толық зерттеп, медиатор С.Әбішевтің арасында 3 сәуір 2014 жылы жасалынған келісімі бекітіліп, талапкер «Қазақтелеком» АҚ-ы жауапкер Б.К. ақша  өндіру туралы азаматтық ісі өндірістен қысқартылды.

          Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі

Аудандық сотта ұйымдастырылған дөңгелек үстел

23/04/2014

        Жуырда Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен, Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.О.Қосановтың,  Жаңақорған  ауданының прокуроры М.Д.Досмағанбетовтің және Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ғ.А.Ахметовтің бас қосуларымен «Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің талаптарын қолдану барысында орын алған мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөнгелек үстел өтті.