Архив событий

24/04/2014

Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалу

24/04/2014

         Жалағаш аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 469 бабымен құқық бұзушы С.Н-ның әкімшілік ісі қаралды. Әкімшілік құқық бұзушы С.Н.

Наубайхана жұмысына тыйым салынды

24/04/2014

         Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ашық сот мәжілісінде «Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» ММ-нің жауапкер ЖК С.Бимбетовтың самса және тандыр нан пісіретін наубайхананың жұмысына тиым салуды сұраған азаматтық ісін қарады.

Соттардың мекен-жайы өзгертілетіндігі хабарланады

24/04/2014

        2014 жылдың 1-3 мамыры аралығында Қызылорда қаласының №2 соты мекен жайын өзгертіп Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29 ғимаратқа көшетіндігін, сондай-ақ, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 4 мамыр 2014 жылдан бастап бұрынғы Қызылорда қаласының №2 сотының ғимаратына, яғни Қызылорда қаласы, Тасбөгет қыстағы, Шүкіров №9 мекен жайына көшіріліп, жұмысын сол жерде жалғастыратынын хабарлаймыз.

Медиация мақсаты – бітімгершілік

24/04/2014

         Бүгін, 2014 жылдың 24 сәуірінде облыстық сотта «Медиация мақсаты – бітімгершілік» тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

          Медиация - бұл борышкер мен жәбірленушінің ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен жүзеге асырылатын дауды реттеу тәсілі. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты  «Медиация туралы» Заңның талаптарын, мақсаты мен қолданылуын және заңның тиімді жүзеге асырылуы туралы кеңінен насихаттау болды.  

Киіктің киесін ойламаған

24/04/2014

         Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің  290 бабымен айыпталған Т.Б-ның, Т.С-ның және Т.К-ның қылмыстық ісі қаралды.