Архив событий

22/04/2014

Бітімгершілікке келулеріне байланысты азаматтық іс қысқартылды

22/04/2014

           Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талапкер С. жауапкер А.-ға немерелерімен кездесу уақытын белгілеу туралы азаматтық ісі қаралған болатын.

        Талапкер С. талап арызында марқұм болған баласынан қалған үш немересі барын, алайда, жауапкер немерелерімен кездестірмей отырғанын, сол себепті жауапкер А.-ға немерелерін кездесу уақытын белгілеуді сұраған.

        Сот отырысында талапкер С. мен жауапкер А. балалармен кездесу орны мен уақыты жайлы бірауыздан бітімгершілік келісімге келді.

Медиатор екі жақты бітімге келтірді

22/04/2014

          Жуырда, Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 175 бабының 1 бөлігімен айыпталған Ж.-ның  қылмыстық ісі қаралды.

         Сотталушы Ж. бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында «Алматы-Маңғышылақ» жолаушылар поездында жолаушылап бара жатқан Г.-ның  ұйықтап жатқанын пайдаланып, «Нокиа-5228» маркалы ұялы телефонын ешкімге білдіртпей ұрлап алып, жәбірленуші Г-ға 20 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Арал аудандық сотының төрағасы БАҚ өкілдерімен кездесті

22/04/2014

        Өткен жұмада Арал аудандық сотында жергілікті баспасөз өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың бірінші тоқсанында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді.

        Баспасөз конференциясында сот төрағасы Е.Тұрбаев 2014 жылдың 3 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы төмендегідей мәлімет берді.