Тәжірибе алмасу барысындағы семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

        Өткен жұмада Қазақстан Республикасы  Жоғарғы Сотының ұйымдастыруымен «Салық және кеден» заңнамаларына қатысты семинар өтті.  ҚР Жоғарғы Сотының ғимаратында өткен жиынға Жоғарғы Соттың және Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстық соттарының судьялары, сонымен қатар ҚР Салық және Кеден комитеті қызметкерлері, заң компанияларының өкілдерінің қатысты.

         Жиында салық және кеден дауларын сотта қарау барысында туындаған мәселелер аясында сөз қозғалды.

         Семинарға Қызылорда облысынан облыстық сот судьясы А.Ерманов пен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Таңатова қатысып, ондағы әріптестерімен пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісіп қайтты.

 

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі