Сенімге кіріп, кісінің ақысын жеген алаяқ келіншек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

        2012-жылдың тамызы айының ішінде Ф.Ж. есімді келіншек «Альянс» банкіден несие алып беремін, сол үшін қажет деп бірнеше адамға, атап айтқанда; танысы болып келетін  М.К.Абдикадированың  сеніміне қиянат жасап 40 000 теңгесін,  жәбірленуші А.К.Султанованың сеніміне қиянат 40 000 теңге ақшасын,  жәбірленуші М.С.Әбиеваның  сеніміне қиянат жасап 40 000 теңгесін алаяқтықпен алып кеткен.

           Сөйтіп сотталушы Ф.Ж. бірнеше рет бөтен мүлікті сенімге қиянат жасап, алдау арқылы алып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 177-бабының 2-бөлігінің «б» тармағында қаралған алаяқтық қылмысын жасаған.

      Басты сот талқылауы барысында сотталушы Ф.Ж. өзінің айыбын толық мойындады.

          Шиелі аудандық сотының үкімімен сотталушы Ф.Ж. ҚР ҚК-нің 177-бабының 2-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығы шектеу жазасы тағайындалды.

 

                                                                                                      Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі