Қазақстан аумағында заңсыз жүрген мигранттар ұсталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

О.Юсупов, Х.Джаббаров, М.Аллабергенов, Ж.Курызовтар тағы басқа Өзбекстан Республикасының азаматтарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 394 бабының 3 бөлігімен әкімшілік істері қаралды.

19.03.2014 жылы Қармақшы АІІБ-нің қызметкерлері арнайы шолу жүргізу барысында, құқық бұзушы Өзбекстан Республикасының азаматтары  О.Юсупов, Х.Джаббаров, М.Аллабергенов, Ж.Курызовтар Қазақстан Республикасына 05.03.2014 жылы жеке шаруамен келіп, жергілікті ІІО-на уақытша тіркеуге тұрмай, Қазақстан Республикасына келу мақсатының көші-қон карточкасындағы мақсатына сай орындамай, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзып, пайда табу мақсатында Жосалы кенті, Б.Момышұлы көшесінің бойында құрылыс жұмыстарымен айналысып құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған.

Сотта құқық бұзушылар кінәларын толық мойындап,  өздерінің Қазақстан Республикасына келу мақсатының көші-қон карточкасында тіркеу кезіндегі мақсаттарға сай орындамай, ҚР-да болу ережелерін бұзып, осы уақытқа дейін пайда табу мақсатында Жосалы кенті, Б.Момушұлы көшесінің бойында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүргендерін, бұл құқық бұзушылық әрекеттеріне шын жүректен өкінетіндіктерін білдірді.

 Құқық бұзушылар О.Юсупов, Х.Джаббаров, М.Аллабергенов, Ж.Курызовтар тағы басқа азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 394 бабының 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, 1/бір/ тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Қармақшы аудандық сотының баспасөз хатшысы  А.Мырзағұлова