Архив событий

28/03/2024

Ата-ана өзінің міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

28/03/2024

         Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша Д.-ға қатысты іс қаралды.

     Азаматша Д.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған туған ұлы С. ойын-сауық компьютер клубы ішінде кәмелетке толмаған А.-ның ұялы телефонын ұрлап, ҚК-ның 188 -бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Азаматша Д. сотта берген жауабында құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдірді.

Кәмелетке толмаған жасөспірім түнгі уақытта көлік құралын құқығы жоқ күйде басқарған

28/03/2024

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

       Азаматша Б.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы А. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, автокөлік басқарғаны анықталды.            

Масаң күйде көлік тізгіндегені үшін бас бостандығы шектелді

28/03/2024

Сырдария аудандық сотында сотталушы К.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-1бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

         Құқық бұзушы К. өз басқаруындағы көлік құралын алкогольді масаң күйінде басқарып, көлік басқару жүйесін игере алмай, саябақтың темір қоршауына соғып, парк ішінде жүрген кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келтіріп, жол көлік оқиғасын жасаған.