Архив событий

15/03/2024

Дөңгелек үстел өткізілді

15/03/2024

Бүгін Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, облыстық соттың судьясы К.Қаниева, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Мырзатаева, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Қызылорда қалалық сотында психологиялық тренинг өткізілді

15/03/2024

Бүгін Қызылорда қалалық сотында мемлекеттік тілді дамыту аясында сот қызметкерлерімен психология ғылымдарының кандидаты, халықаралық дәрежедегі коуч, ментор Алмагүл Жанділдәқызы Аяғанова тренинг өткізді.

Психолологиялық тренинг барысында қатысушылармен қазақ тілін дамыту, ойды жүйелеу, сөздік қорды кеңейтуге арналған психологиялық методикамен жаттығулар, тапсырмалар орындалды.

Шара соңында сот әкімшісі басшысы Н.Дуйсенова психологиялық тренинг қызықты әрі пайдалы өткенін айтып, А.Аяғановаға өз алғысын білдірді.

22 миллион теңгеден астам қарыз дауы медиация тәртібімен аяқталды

15/03/2024

Сот жүйесіндегі татуластыру рәсімдері дауларды бітімгершілікпен аяқтауға септігін тигізуде.

Сондай азаматтық істерді бірі Қызылорда қалалық сотында қаралды.  Талап қоюшы А. жауапкер Н. -дан 22 035 788 теңге мөлшерінде қарыз ақша және айыппұл соммасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.  

Істі қарау барысында татуластырушы-судья А.Қаршыға  тараптарға татуластыру рәсімдерінің тиімділігін түсіндірген. Нәтижесінде, тараптар өзара келісімге келіп, дауды бітімгершілікпен реттеу туралы келісімге қол қойған.