Архив событий

13/03/2024

Әйелін өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген

13/03/2024

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігі (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотталушы Ә.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс бойынша сотта анықталғаны:

Сотталушы Ә.-нің жұбайы жәбірленуші Ә. өзіне қатыгездікпен қарап, қорқытып, адами қадір-қасиетiн үнемі қорлағанына шыдай алмай, тұрғын үй ауласында орналасқан мал қорада мойнына жіпті байлап, өзін-өзі өлтірген.

Сот қорытындысы немен бекітіледі:

Кәмелетке толмаған жасөспірім бұзақылық әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

13/03/2024

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратқан

13/03/2024

Азаматша Г.  базар  ішінде орналасқан дүкенде діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды сатып, таратқан.

       Сот отырысында Г. кінәсін толық мойындап,  дүкенде сатушы болып тұрып, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды өткізгенін мойындайтынын, өзінің отбасылық жағдайын ескеріп,жеңіл жаза қолдануды сұрады.

         Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер

туралы» Заңының 9-бабының 2-тармағында – діни әдебиетті, діни

Масаң күйде мотоцикл басқарған

13/03/2024

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Р. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде 2024 жылдың 5 наурызында Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы, Абай көшесі бойында мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ маркасы «ИЖ» мотоцикл түріндегі көлік құралын басқарған.

Сот отырысында азамат Р. кінәсін мойындап, мотоцикл көлігін ішімдік ішкен күйде басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Масаң күйде мотоцикл басқарған

13/03/2024

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Р. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде 2024 жылдың 5 наурызында Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы, Абай көшесі бойында мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ маркасы «ИЖ» мотоцикл түріндегі көлік құралын басқарған.

Сот отырысында азамат Р. кінәсін мойындап, мотоцикл көлігін ішімдік ішкен күйде басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Ауруханаға баса көктеп кіріп, ота жасау бөлімінің мүлкін қасақана бүлдірген

13/03/2024

2024 жылы  3 ақпан  күні сағат 01.10 шамасында азаматша И. «Облыстық көп бейінді ауруханасына» баса көктеп кіріп, ота жасау бөлімінің есігінің тұтқасын жұлып, әйнегін сындырып, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, бөтен мүлікті қасақана бүлдірген.

Сот отырысында И. кінәсін мойындап, кешірім сұрайтынын, әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Қоғамдық орындарда тиісу санатындағы істер көбеюде

13/03/2024

ҚР ӘҚБтК-нің  449-бабында қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіргені үшін жауаптылық қарастырылған.

Ұялы телефонды ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

13/03/2024

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А. тұрғын үйге заңсыз  кіріп, үстелдің үстінде  құны 100 000 теңге тұратын  жәбірленуші М.-ның ұялы телофонын көріп  және қылмыстық әрекет жасауына ешкім кедергі келтірмейтініне көз жеткізіп, кедергісіз ұялы телефонды ұрлап, содан кейін  қылмыс  жасаған орнынан  бой тасалаған.

158 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

13/03/2024

Соңғы жылдары еліміздің сот саласында жасалған бірқатар реформалардың арқасында азаматтық дауларды бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік туды. Қабылданған шаралар өз жемісін беріп, тәжірибе арқылы даулар сотқа дейін аяқталуда.

Қарыз сомасын өндіру туралы талап қою ішінара қанағаттандырылды

13/03/2024

Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы К. жауапкер М.-нан 364 420 теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап коюмен жүгінді.

Талап қоюшы К. өзінің қайтыс болған қызы дүкенде жұмыс жасаған уақытта дәптерге жазылған жазу арқылы жауапкер М.-ның қарызға азық-түлік алып тұрғанын, қарызға алған азық-түлік сомасы 72 884 рубль (364 420 теңге) құрайтынын, ал жауапкер қарызын қайтармағанын және жауапкермен қолхат не қарыз алу шарты жасалмағанын көрсетіп, қарыз сомасын және мемлекеттік баж шығынын өндіруді сұраған. 

Көршісінің есігін өртегені үшін әкімшілік айыппұл салынды

13/03/2024

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы А. көршісі Е.-нің тұрғылықты мекен-жайының кіре беріс ағаш есігінің сыртын қасақана өртеп, қылмыстық жазаланатын белгілері жоқ, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіретін іс-әрекеттер жасаған.

Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін айыппұлға жазаланды

13/03/2024
Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігімен азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, Б. көлік құралын басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Б. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 103 376 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеген азамат жауапкершілікке тартылды

13/03/2024

Қармақшы аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Т. көлiк басқару құқығынан айырылған бола тұра, өзінің көлік құралын басқарған.

Сотта азамат Т. кінәсін толық мойындап, көлік басқаруға тиісті құжаттары болмаса да, көлік басқарғанын көрсетіп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.  

Кәмелетке толмаған жасөспірімнің алкольдік ішімдік тұтынғаны үшін анасына айыппұл салынды

13/03/2024

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Даулар татуластыру рәсімдерін қолдану арқылы реттелуде

13/03/2024

Қазіргі уақытта  сотқа жүгінген дау тараптарының дауды келісіммен шешулеріне нақты мүмкіндікті қамтамасыз ету үшін  азаматтық процестік заңнамада дауларды шешудің балама түрлері қарастырылған.

Осының негізінде тараптардың ымыраға келуі арқылы азаматтық істердің медиация тәртібімен тоқтатылу рәсімдері жиі кездеседі.

Медиация тәртібімен татуласты

13/03/2024

Жалағаш аудандық сотында 1 күнде қарыз ақша өндіру  туралы 4 талап қою бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшылар жауапкерлерден қарыз ақша өндіру туралы талап қоюлармен жүгінген.

Даулар бойынша қоғамдық негіздегі медиатор тарапынан сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерге келген.