Архив событий

07/03/2024

Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өткізілді

07/03/2024

Қызылорда облыстық сотында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыстық соттың судьялары, Сот Әкімшілігі Қызылорда облысы бойынша Департаментінің басшысы С.Сүлеймен, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, сот әкімшілерінің басшылары мен сот мамандары қатысты.

Баспасөз конференциясы өткізілді

07/03/2024

10 наурыз - Халықаралық әйел судьялар күні қарсаңында бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, облыстық соттың судьялары Ш.Маликова және К.Қаниева баспасөз конференциясын өткізді.

Шарада облыстық соттың судьясы Ш.Маликова 2021 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 10 наурызды халықаралық судья әйелдер күні ретінде бекіткенін, негізгі мақсат - сот жүйесіндегі әйелдердің жағдайын жақсартуға ықпал ету екенін тілге тиек етті.

Мерекелік құттықтау

07/03/2024

Табиғат ананың жаңарып, мейірім жылылығын ала келетін көктеммен бірге жылулықтың, әдеміліктің, сұлулықтың символдары бола білген ақ жаулықты аналарымыз бен аяулы аруларымыздың халықаралық мерекесі келеді.

Жылына бір келетін осындай көңілімізге қуаныш ұялатар мереке қарсаңында, Арал аудандық сотының ерлер ұжымы жыл сайынғы дәстүр бойынша ұжымдағы әйелдер қауымын көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады.

Аудандық сотта мерекелік шара өткізілді

07/03/2024

Шиелі аудандық сотында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара өтті.
Шараға аудандық соттың судьялары мен сот әкімшісінің қызметкерлері қатысты.
Аудандық сот төрағасы Н.Бекетаев, судьялар Д.Исабек, А.Жолдыбаев және ұжымның ерлер қауымы нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік іс-шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, әйелдер қауымына мерекелік сыйлықтар табыс етілді.