Архив событий

19/03/2024

Сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді

19/03/2024

Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің білімін көтеру, Әдеп Кодексінің сақталуы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағыты мәселелері семинар сабағы өткізілді.

Семинарға департамент басшысының орынбасарлары Е.Бөрібаев және М.Асанова, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.

Семинар сабағы өткізілді

19/03/2024

Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сот ісін электронды форматта жүргізу және соттардағы архив жұмысының мәселелері бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың әкімшілерінің басшылары, бас маман-сот отырысының хатшылары, архив жұмысына жауапты мамандар қатысты.

Е.Бөрібаев семинар сабағын ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Бүгін - Ұлттық киім күні

19/03/2024

Наурызнаманың онкүндігі елімізде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың салт-дәстүрін айрықша қастерлеп, ұлықталатын кез. Наурыз мейрамының бесінші күні – Ұлттық киім күні.

Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр.

Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында Ұлттық киімге арналған бұл күннің маңызы зор.

Қалалық сотта дөңгелек үстел өткізілді

19/03/2024

         Қызылорда қалалық сотында «Еңбек өтілін заңдық маңызы бар фактісін анықтау істерін қарау ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.