Архив событий

12/03/2024

Қылмыстық іс бойынша тараптар татуласты

12/03/2024

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін сотталушы Е.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қарыз өндіру дауы медиация тәртібімен реттелді

12/03/2024

Қармақшы  аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы    талап қою сотқа дейінгі хаттама тәртібімен шешілді.

Талап қоюшы  «Э»   жауапкер    З.-дан   берешек қарыз ақшасы  35935 теңге және  929  теңге баж алымына төленген соманы өндіруді  сұрап, талап қоюмен сотқа жүгінген.

Дау бойынша  татуластырушы-судья  тараптарды  сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, сотта жүргізетін татуластыру рәсіміне қатысуға шақырып, татуластыру рәсімдерін жүргізу  нәтижесінде  сотқа дейінгі хаттама жасалып,  тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттелді.

Отбасы тыныштығын бұзып, анасына былапыт сөздер айтқаны үшін 10 тәулікке қамалды

12/03/2024

Қармақшы аудандық  сотында ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша азамат Р. -ға қатысты әкімшілік ққық бұзушылық туралы іс қаралды.

Істі қарау барысында Р. бұрын отбасылық‑тұрмыстық  қатынастар  аясында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлға бола тұра, бұл әрекетін қайталап жасап, өзінің анасы С.-ның намысына тиетін сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқыққа қарсы әрекет жасағаны анықталды.

Кәмелетке толмаған баласының жасаған құқық бұзушылық әрекеті үшін жазаға тартылды

12/03/2024

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен азаматша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

 Кәмелетке толмаған К. түнгі уақытта заңды өкілінің, яғни ата-анасының ертіп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерде жүрген жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталған. Тексеру барысында кәмелетке толмаған К.-ның анасы азаматша А.-ның әрекеті әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны анықталған.

Айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiріп, былапыт сөйлегені үшін айыппұл салынды

12/03/2024

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша  бойынша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы А. Төретам станциясының теміржол вокзалының ішінде айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, былапыт сөйлеген.  

Жарық шамын жақтың деп көлік жүргізушісін ұрып-соққан

12/03/2024

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотталушы Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. түнгі уақытта автокөлігін басқарып келе жатып, өзіне қарсы бағытта келе жатқан көліктің жарықшамы көзіне түскендіктен, оның соңына түсіп, автокөлігімен қуып жетіп алдынан тоқтатып, «Сенде ғана жарық шам бар ма, неге жарық шамыңды түсірмейсің?» -деп көліктің басқару жүйесінде отырған С.-ның ауыз тұсынан себепсізден-себепсіз бір рет соққы жасаған, салдарынан жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірген.

Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді

12/03/2024
Арал аудандық сотында талап қоюшы Қ.-ның жауапкер Ж.-дан алимент өндіру туралы талабы медиация тәртібімен реттелді.
Талап қоюшы талабында жауапкер Ж. әкесі болып табылатынын, қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша араларында өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін алимент өндіруді сұраған.