Медиация туралы заңының тәртібімен қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы «Медиация Заңы» қолданылып қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Сотталушы Р. заң жүзінде ажырасқан жолдасы жәбірленуші Ж.-ның үйіне келіп қонып, таңертен жәбірленуші Ж.-ның үйінде жоғын пайдаланып, үйдің дәліз бөлмесінде шифонердің ішінде тұрған әрқайсысының құны 2 000 теңге тұратын 2 дана қорапшаға салынған ерлер көйлегін жасырын ұрлап, жәбірленуші Ж.-ға жалпы 4 000 теңгеге мүліктік залал келтіріп, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Яғни, сотталушы Р. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175 бабының 1 бөлігінде көрсетілген қылмыстық әрекет жасаған.

Сот талқылауында жәбірленушінің сотталушымен  татуласқанын, оған кешірім беретінін, сотталушының келтірілген барлық материалдық шығынды толығымен өтегенін, өздеріне қылмыстық істің қысқартылудың құқықтық салдары түсінікті екендіктерін, дауды Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен шешу мақсатында кәсіпқой емес медиаторға жүгініп, медиатор арқылы өзара ымыраға келіп, татуласып, келісімге келгендерін көрсетті. Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңына сәйкес қысқарту үшін араларында жасалған «Дауды (дау-шарды) реттеу туралы келісімді» бекітіп, қылмыстық істі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігінің талаптарына сәйкес қысқартылып, жәбірленуші сотталушыны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұраған.

Осыған орай, Жалағаш аудандық сотының қаулысымен сотталушы мен жәбірленушінің Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңының тәртібімен татуласуларына байланысты, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67 бабының 1 бөлігіне сәйкес, сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі