Архив событий

14/08/2014

«Сот кабинеті» жобасы тақырыбында семинар өтті

14/08/2014

2014 жылдың 14 тамызы күні Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық сот кеңсесінің ұйымдастыруымен «Сот кабинеті» жобасы тақырыбында семинар өтті.

Басқосуға облыстық сот кеңсесі басшысының орынбасары, бөлім басшылары мен облыс орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты. Сондай-ақ Қазақстан заңгерлер одағы Қызылорда облыстық филиалының жауапты хатшысы мен мүшелері және өз біліктілігін тәжірибеде жүзеге асырып жүрген заңгерлер мен нотариустер, адвокаттар, облыстық Әділет Департаменті, Салық басқармасынан өкілдер арнайы шақыртылды.

Кеңсе басшысы «Сот кабинеті» жобасы тақырыбында сұхбат берді

14/08/2014

Бүгін, 14 тамыз 2014 жылы Қызылорда облыстық сотының кеңсе басшысы Жұмамұратов Азамат Аллабергенұлы «Сот кабинеті» жобасы тақырыбында телеарнаға арнайы сұхбат берді.

Қызылорда қоғамдық телеарнасына арнайы берген сұхбатында кеңсе басшысы А.Жұмамұратов аталған жоба аясындағы ақпараттарымен бөлісіп, «Сот кабинеті» жобасымен жан-жақты таныстырып өтті.   

 «Республика судьяларының VI съезінде Елбасы әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын.