Архив событий

26/08/2014

Қылмыс жасаймын деп 2 жылға бас бостандығынан шектелді

26/08/2014

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған  ауданаралық сотында ҚК-нің 103 бабының 1 бөлігімен, 175 бабының 2 бөлігінің «а,в» тармақтарымен айыпталған кәмелетке толмаған сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Н. өз үйіне келіп, анасының азаматтық некедегі күйеуі В.-ның ұйықтап жатқанын байқап, көптен алғысы келіп жүрген өшін алу үшін жәбірленуші В.-ның басынан үйіндегі кішкентай үстелмен ұрып, қылмыс оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Қылмыстық әрекеті нәтижесінде жәбірленуші В.-ға ауыр дене жарақаты салынған.

Байқоңыр қалалық сотында дөңгелек үстел өтті

26/08/2014

Жуырда Байқоңыр қалалық сотында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы сотқа электрондық құжаттарды беру тәртібі туралы нұсқаулықты түсіндіру бойынша уәкілетті органдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге судьялар, сот қызметкерлері және адвокаттар, Әділет басқармасының маманы, прокуратура кеңсе қызметкері, сот орындаушылар, Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі, Төретам ЖІІБ-нің өкілі,  Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының маманы қатысты.