Архив событий

05/08/2014

Жол-патрульдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамаған

05/08/2014

        Құқық бұзушы А. Қызылорда қаласы, Абай даңғылы бойында «Toyota Prado» маркалы автокөлігін басқару барысында жол-патрулдік полициясының автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылған.

       Құқық бұзушы А. ҚР ӘҚБтК-нің 471-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 /бір/ жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

05/08/2014

       Құқық бұзушы Ж. қоғамдық орындарда ортақ пайдалану орындарын ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару мақсатында ағымдағы жылдың 3 тамызы күні, Төретам темір жол перронында темекі қалдығын белгіленбеген орында тастап, қоғамдық тәртіпті бұзған, яғни Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.