Архив событий

20/08/2014

5 тәулікке қамалды

20/08/2014

Жол патрульдік полиция испекторлары беймезгіл уақытта жүрген құқық бұзушы А.-ның басқаруындағы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөліктің артқы салонының оң жақ полигінің астынан ақ қағазға оралған жасыл түсті 0,91 грамм кептірілген марихуана есірткі затын тауып алады. Яғни, құқық бұзушы А. қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз түрде сақтап, тасымалдап Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Жалған сертификат жасатқан

20/08/2014

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177 бабының 1 бөлігімен айыпталған Р.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы Р. өзі мемлекеттік қызметкер бола тұра алаяқтық, яғни бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы ұрлау мақсатында, тест тапсырмай, әңгімелесуден өтпей, «Бірінші біліктілік санаты» категориясын алды деген сертификатты сатып алған. Осы жалған құжаттың негізінде 2009 жылдан бастап айлық жалақысының үстіне қосымша ақша қаражатын алып, мемлекетке 403 536 теңге зиян келтірген.