Сырдария аудандық сотында 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария  аудандық  сотының төрағасы Р.Т.Алдамбергенов  2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын   өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің тілшілері мен аудандық  сот ұжымы  қатысты.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, есепті кезеңде 10 қылмыстық іс 12 адамаға қатысты түскен, 2023 жылдан 1 іс қалдыққа қалған. 13 адамға қатысты 11 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 9 адамға қатысты 8 іс бойынша үкім шығарылған. 1 адамға қатысты 1 іс тоқтатылған,  1 іс соттылығы бойынша жолданған.

Өткен жылмен салыстырғанда түскен қылмыстық  істердің саны - 3 іске  (-23%), қаралған істердің саны- 3 іске (-21%) азайған.

2024  жылдың 1 тоқсанында сотқа 110 талап қою және 5 іс түскен. Барлығы 77 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 7 іс бойынша сот бұйрығы, 27 шешім қабылданып, 35 іс өндірістен  тоқтатылған. 8 іс қараусыз қалдырылған.

Өткен жылмен салыстырғанда түскен талап қоюлар мен істердің саны 10-ға (9,5%), қаралған істердің саны 13 іске (20%) көбейген.

        2024  жылдың 1тоқсанында соттың өндірісіне 89 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс түсіп, 5 іс өткен жылдан қалдыққа қалған. Түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің ішінде 92 адамға қатысты 92 іс қаралған. 68 адамға әкімшілік жаза қолданылған және 24 адамға қатысты тоқтатылған. 5 жекеше қаулы қабылданған.

Өткен жылмен салыстырғанда түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің саны 36-ке (68%), қаралған істердің саны 40 іске (77%) көбейген.

2024 жылдың 1тоқсанында барлығы  партисипативтік рәсім тәртібімен 1 азаматтық іс, медиаторлардың қатысуымен 35 азаматтық істер,                           16 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, 1 қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталған.

Істер 100% аудио-бейне жазба арқылы қаралған.

Есепті мерзімде әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істердің 100 %-ы электронды нұсқада түсіп  қаралған.

Сот төрағасы Р.Алдамбергенов қатысушыларға алғысын білдіріп, БАҚ өкілдерінің  барлық сұрақтарына жауап берді.

 

Источник: 
Сырдария аудандық соты