Архив событий

08/04/2024

Сот үкімімен шектеу жазасы тағайындалды

08/04/2024

Қызылорда қаласының №2 сотының Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігімен сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы С. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында, өзінің басқаруындағы автокөлігімен «Н» дүкенінің алдында орналасқан автотұраққа барып бос орынға тұрақтаған. Сол жерде азаматша О. бос тұрған орын алып қойғандарын, өзінің күйеуі жәбірленуші М. «Газель» көлігімен келетінін айтқан.

Екі күнде 15 іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

08/04/2024

Шиелі аудандық сотында екі күнде қарыз өндіру туралы 15 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды.

Азаматтық істерді сот талқылауына дайындау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсеткен.Аталған келісімдер бойынша жауапкерлер қарыз ақшаны ай сайын бөліп төлеуге міндеттенді.

Талап қоюшылар талаптарынан бас тартып, дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісім жасауына байланысты азаматтық істерді тоқтатуды сұраған.

Медиациялық келісімге келген

08/04/2024

Арал аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкер А-дан баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды.

Талап қоюшы талабында, қазіргі уақытта жауапкермен бірге тұрмайтындығын, заңды некеден үш жасқа толмаған баласы барын, баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейтіндігін, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкер өз еркімен көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, баласы үш жасқа толғанша 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұраған.

Басқару құқығынан айырыла тұра, көлікті қайта тізгіндеген азаматқа айыппұл салынды

08/04/2024

Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.

Алайда, одан қорытынды шығармай, сот қаулысымен белгіленген шектеулерді орындамай, заң талаптарына немқұрайлықпен қарайтындар да бар.

Жол ережесін бұзған азаматқа сот үкімі шықты

08/04/2024

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген сотталушы Ә.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотталушы Ә. өзіне тиесілі «Камаз-6520» автокөлігімен Қызылорда қаласы, С.Бейбарыс көшесі бойында жол жүрісі қағидаларының 14.107 тармағының талабын бұзып, жаяу жүргіншілер жолағынан жолды солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтіп бара жатқан жәбірленуші Ш.-ны қағып кетіп, жол-көлік оқиғасын жасап, алған ауыр дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Ата-ана өзінің міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/04/2024

         Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігімен азаматша К.-ға қатысты іс қаралды.