Архив событий

17/04/2024

Мүгедек баланың құқығы қорғалды

17/04/2024

  Моральдық зиян – жәбірленушіге келтірілген жан азабы мен тән азабы. Егер азамат құқықтары бұзылды деп есептеген жағдайда, моральдық зиян өндіріп алу туралы талаппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Моральдық зиянның мөлшерін анықтаған кезде, құқық бұзушылық зардаптарының ауырлығы мен өзге де назар аударуға тұратын мән-жайлар ескеріледі.

Қызылорда қаласының  тұрғыны К. есімді әйелдің 13 жасар ұлы бала кезінен екінші топтың мүгедегі.

Сотты құрметтемегені үшін жауаптылыққа тартылды

17/04/2024

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 653-бабы 1-бөлігі бойынша процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайлар, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуі, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбауы, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнетін сотты құрметтемеушiлiк, сотты және  судьяны құрметтемеуден көрінетін әрекеттер сотты құрметтеушілік екені көрсетілген.

Жеке сот орындаушыға ақшалай өндіріп алу қолданылды

17/04/2024

Қазақстан Республикасының Әкімшілік-рәсімдік процестік кодексінің 127-бабының 3-бөлігі бойынша сот процестік құқықтарды теріс пайдаланатын немесе процестік міндеттерді орындамайтын тұлғаға, оның ішінде сот белгілеген мерзімді дәлелсіз себептермен бұза отырып дәлелдер ұсынылған, тапсырмалар орындалған жағдайларда, егер бұл әкімшілік істі қараудың созылуына алып келсе, әрбір әрекет (әрекетсіздік) үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолданылады.

Сырдария аудандық сотында 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

17/04/2024

Сырдария  аудандық  сотының төрағасы Р.Т.Алдамбергенов  2024 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын   өткізді.

Баспасөз конференциясына жергілікті «Тіршілік тынысы» газетінің тілшілері мен аудандық  сот ұжымы  қатысты.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, есепті кезеңде 10 қылмыстық іс 12 адамаға қатысты түскен, 2023 жылдан 1 іс қалдыққа қалған. 13 адамға қатысты 11 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 9 адамға қатысты 8 іс бойынша үкім шығарылған. 1 адамға қатысты 1 іс тоқтатылған,  1 іс соттылығы бойынша жолданған.

Сот қаулысымен жауапкершілікке тартылды

17/04/2024

 

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен азаматша Д.-ға қатысты іс қаралды.

        Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Д. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған Б.-ның сағат 01:00 уақыт шамасында Қызылорда қаласы, Астана мөлтек ауданында орналасқан «Ч» дүкені алдында заңды өкілінің еріп жүруінсіз болуына жол берген.

Медиация - тиімді шешім

17/04/2024

Жаңақорған аудандық сотында 2024 жылдың сәуір айының 08 мен 12 күндері аралығында 5 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшылар сотқа жауапкерлерден қарыз ақша өндіру талаптарымен жүгінген.

Сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді бекіту туралы және істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздар өтініштер түскен.

Медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің шарттары бойынша,  талап қоюшы қарыз ақша туралы талап қоюынан бас тартса, ал жауапкер қарыз ақшасын толық төлеуге міндеттенді.

Медиация тәртібімен татуласты

17/04/2024

Жаңақорған аудандық сотында 2024 жылдың сәуір айының 08 мен 12 күндері аралығында 3 әкімшілік іс медиация тәртібімен аяқталды.

Іс құжаттарына сәйкес, талап қоюшылар сотқа жер дауы туралы талап қоюлармен жүгінген.

Сотқа тараптардан дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдерді бекіту туралы және істі өздерінің қатысуынсыз қарау туралы арыздар өтініштер түскен.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдердің шарттары бойынша  талап қоюшылар қарыз ақша туралы талап қоюлардан бас тартса, ал жауапкерлер қарыз ақшасын толық төлеуге міндеттенді.