Архив событий

12/04/2024

Заң нормаларын сақтау – әркімнің міндеті

12/04/2024

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігінде көзделген, сотқа құрметтемеушілік сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Ж. өзіне қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында төрағалық етушiнiң өкiмiне бағынбай, сотта белгіленген қағидаларды бұзып, сотты құрметтемеушiлiк анық көрінетін әрекетті жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды қуаттаған.

Семинар сабағы өткізілді

12/04/2024

Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Қылмыстық құқық және процесс», «Әкімшілік құқық бұзушылық және процесс» секциялары бойынша семинар сабағы өткізілді.

Семинарға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Алқа төрағасы Ж.Бекжанов семинарды ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Сот залынан әкімшілік қамаққа алынды

12/04/2024

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы А. жолаушылар поезында келе жатып, алкогольдік масаң күйде болып, айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, жолаушы орнында кіші дәретке шығып, сәйкесінше ластаған.  

 

Кәмелетке толмаған балаларына қатысты білім беру құқықтары мен қорғау жөніндегі міндеттерін орындамаған

12/04/2024

 

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 127-бабы 3-бөлігі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

 

Құқық бұзушы С. 2024 жылдың қаңтар айының 7-і мен ақпан айының 18-і аралығында кәмелетке толмаған балаларын қалдырып, құрбысының үйіне барып, алкогольдік ішімдік өнімін пайдаланып, балаларының күтіміне, оқытуы мен тәрбиеленуіне араласпаған.

 

Құқық бұзушы С. әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттерін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін көрсетті.

Судьяға және хатшыға алғыс білдірді

12/04/2024

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаевтың атына облыс тұрғыны Б.Жамалладиновтан Қызылорда қалалық сотының судьясы М.Абилханова және сот отырысының хатшысы Н.Райкуловаға алғыс хаты келіп түсті.

 Б.Жамалладинов алғыс хатында «Транстелеком» АҚ-ның  филиалында телеграфист қызметін атқарып жүріп, штат санының қысқартылуына байланысты жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарты тоқтатылғанын, бір мезетте жұмыссыз атанып, осыған байланысты жұмысына қайтадан орнастырып, мәжбүрлі түрде бос жүрген күндеріне жалақы өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінгенін көрсеткен.

Терминалдарды ұрлаған

12/04/2024

Сотталушы У. тергеумен анықталмаған Б. есімді адаммен сөйлесіп, өзінің ақша қаражатынан қысылғанын алға тартып, екеуі ұрлық жасауға келіскен.

Екеуі дәріхананың есігінің құлпын электрлі дрель құралымен бұзып кіріп, кіре берісінде тұрған терминал құрылғысын және қоржынына жинақталған ақшаны жасырын жымқырған.

Әрі қарай терминал құрылғысының есігін бұзып, ішіндегі ақшаны иемденіп, қылмыс ізін жою мақсатында терминалды Сырдария өзеніне лақтырып жіберіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Нәтижесінде, «A» ЖШС-не 545100 теңге мүліктік шығын келген.