ОБЛЫСТЫҚ СОТТА 8-НАУРЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 7 наурызында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиналыс өтті.

Салтанатты шараға облыс соттарының төрағалары мен судьялары, кеңсе басшысы мен орынбасары, бөлім басшылары мен сот қызметкерлері қатысты.

Облыстық сот төрағасы Н.М.Қайырбеков әйелдер қауымын көктемнің алғашқы мейрамымен құттықтап, грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.

Жиналыс соңы мерекелік ән-шашумен жалғасын тапты.

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.

Елбасының «Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі» дегендей, әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.

Осынау жарқын мерекеде баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке, қызметте өрлеу, баянды бақыт пен әсемдік тілейміз!

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі