Архив событий

17/03/2014

Сот қызметкерлері сенбілікте...

17/03/2014

Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Қыстың қыспағынан құтылып, арқа-бас кеңейетін, мейрам-шаттыққа кенелетін осынау жайдарман мейрамға орай жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.

Әйелдер арасында төбелес орын алды...

17/03/2014

Қазіргі заманда әйелдер арасындағы төбелес жиі кездесіп тұрады. Көшенің қақ ортасында бір – бірімен айқайласып жататын әйелдер қауымы әдеп-иба дегенді ұмыт қалдырғандай. Бұған дәлел ретінде, сотта қаралған істерді айтуға болады.

Қаладағы әділдіктің жаршысы сот ғимараты ішінде екі әйелдің арасындағы даудың соңы төбелеспен аяқталды. Кейін анықталғандай, бұл төбелес шығарған ханымдар бұрыннан араз екен.

Құқық бұзушы азаматша Н. жәбірленуші Л.-ны соққыға жығып, тән ауруына ұшырататындай күш қолданған.

«Ашық есік» күні өтті

17/03/2014

Ағымдағы жылдың 14 наурызында Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында ашық есік күні өтті.

Ашық есік күніне аталмыш соттың судьялары Ш.Қожантаев пен Г.Ысқақова қатысып, келушілердің сауалдарына нақты жауаптар берді.

Сот жүйесіндегі жаңалықтарды халыққа жеткізіп отыру, жиі жүздесіп, пікір алмасып, халықтың сот жүйесіне деген ой-пікірі мен көзқарасын дұрыс қалыптастыру «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты болып саналады.