Архив событий

27/03/2014

Қылмыстық іс қысқарды

27/03/2014

Медиация тараптардың арасында туындаған дауларды реттеп, оларды өзара келісім арқылы бітімгершілікке шақыратын, тараптардың тілектері мен мүдделерін ескеретін және бірігіп ізденудің арқасында ортақ шешімге келетін тиімді баламалы әдістердің бірі болып табылады.

Жуырда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мектеп оқушыларына қатысты қылмыстық істі қарап, Медиация Заңы бойынша өндірістен қысқартты.

Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

27/03/2014

19.03.2014 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік  сотының оқу орталығында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық тақырыбында дөңгелек   үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қызылорда қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының судьялары С.Құрманбай, Г.О.Искакова және Ш.Қожантаевтар қатысты.