Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

19.03.2014 жылы Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік  сотының оқу орталығында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен, сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық тақырыбында дөңгелек   үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қызылорда қаласының мамандандырылған  әкімшілік сотының судьялары С.Құрманбай, Г.О.Искакова және Ш.Қожантаевтар қатысты.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің қызметкерлер М.Б.Кушкенов және И.К.Тураиювалар қатысты.

Аталған, дөңгелек үстелдің күн тәртібіне сәйкес, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары С.Құрманбай, Г.О.Искакова және Ш.К.Қожантаев  өз баяндамаларын жасады.

Әрбір жасалған баяндамаларды қатысушылар талқылап, сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

 

Қызылорда қалалық мамандандырылған

әкімшілік сотының баспасөз қызметі