Архив событий

05/03/2014

СУДЬЯЛАР ПІКІР АЛМАСТЫ

05/03/2014

2014 жылдың 28 ақпанында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

         Семинарға Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Е.Қарабаев пен облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

СОТТАРҒА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТАЛАП АРЫЗ БЕРУШІЛЕР КӨБЕЮДЕ

05/03/2014

Электрондық бақылау өндірісі адамдардың уақытын үнемдеуге, кезекте тұратындардың санын қысқартуға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға, соттың әділ өтуіне, сондай-ақ қолданыстағы процессуалдық заңнама нормаларын іске асыруға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, бүгінгі таңда сот мәжіліс залдарында істерді қарау барысында дыбыс-бейне жазу сынды ақпараттық технологиялар жұмыс істейді, осының арқасында, процеске қатысушылар тарапынан түсетін наразылықтар мен шағымдарды азайтуға, тараптардың хаттамалармен жедел танысуына мүмкіндік ашылды.

ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР ТУДЫРҒАН «БУШРА» ІСІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

05/03/2014

               

2014 жылдың 4 ақпанында Қызылорда қалалық сотында қоғамдық пікір тудырған қылмыстық іс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен брифинг өткізілді. Брифингті Қызылорда қалалық сотының судьясы Сәбит Әбдіқанов жүргізді.