Шетел азаматына тиісті жаза қолданылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың сәуір айының 16-күні   арнайы шолу жүргізу барысында, Қызылорда қаласында құрылыс жұмыстарымен айналысып жүрген Өзбекстан Республикасының азаматы Шеранов Азамат Арзикуловичтің жеке басын анықтайтын құжаты тексеріліп, осы азамат ҚР Қызылорда қаласына  жергілікті ІІО-на уакытша тіркеуге тұрып, мерзімінің өтіп кеткендігі, оған Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол сот қаулысымен  Қазақстан Республикасы шегінен әкімшілік жолмен шығарылған.

Алайда, А.Шеранов өзіне қатысты қолданылған ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу туралы шешімді орындамай, қайта Қызылорда қаласына келіп, заңсыз құрылыс жұмыстарымен айналысып жүргені анықталған.

Сотталушы Шеранов Азамат Арзикулович  шетел азаматы болып, өзiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамаған, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 393-бабымен қаралған қылмыстық теріс қылық жасаған.

Сотталушы Шеранов Азамат Арзикулович Қазақстан Республикасы ҚК-нің 393-бабымен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, 30 (отыз)  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – 59460 (елу тоғыз мың төрт жүз алпыс) теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі