Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты бірінші жартыжылдықты қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылдың 3 шілдесінде  Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында  бірінші жартыжылдығының  қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің  қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясын Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  төрағасы М.Ш.Ибрашев жүргізді.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 4172  әкімшілік іс  келіп түскен, 3 әкімшілік іс өткен  жылдан  қалдықта қалған. Оның ішінде 37 әкімшілік іс хаттама жасаған  органға  кері  қайтарылса,  4103  әкімшілік іс негізінен қаралған.

Келіп  түскен  әкімшілік  істердің  ішінде 3942  әкімшілік іс, яғни  96 %  мемлекеттік  тілде  қаралған.

Сонымен қатар,  ҚР ӘҚБтК-нің 44-тарауы негізінде 4 шағым,  ҚР ӘҚБтК-нің 45-тарауы негізінде 9  шағым, ҚР ӘҚБтК-нің 47-тарауы негізінде 4 шағым, барлығы  30 шағым келіп  түскен.

Жалпы  2015 жылдың бірінші жартыжылдығында  келіп түскен әкімшілік істерді өткен  жылдың  есепті  кезеңімен салыстырғанда  435  іске немесе  10% көбейгені байқалады.

Бас қосу барысында әкімшілік сот судьялары мен сот қызметкерлерінің жариялықты қамтамасыз ету және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау мақсатында БАҚ-да  мақалалар жарияланып, телеарналардан сұхбаттар беріліп, «Ашық есік күндері» өткізілгендігі айтылды.

Іс-шара соңында баспасөз өкілдері өз тараптарынан тақырып аясында сауалдарын қойып, жауаптарын  алды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі