Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімдеу мәселелері бойынша семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Сырдария аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімдеу» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Аталған шараға аудандық соттың төрағасы А.Абдулла, сонымен бірге Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Семинарда аудандық соттың төрағасы А.Абдулла 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген әкімшілік кодексте іс жүргізу елеулі жеңілдетілгенін атап өтті. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша жалпы тәртіпте және қысқартылған өндіріс тәртібінде хаттамалар мен материалдарды рәсімдеу мәселелері негіз болды. Кеңесу барысында семинарға қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар мен материалдарды толық рәсімдемеу салдарынан туындайтын сұрақтарды талқылады.

Өткізілген шара қорытындысы бойынша құқық қорғау органдары тарапынан тәжірибеде қолдану үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі рәсімдеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында ұсынымдар қабылданды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз хатшысы М.Асан