Электрондық мұрағат тақырыбында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық  сотының қызметкерлері Жалағаш ауданының мемлекеттік мұрағат қызметкерлерімен бірігіп, «Электрондық мұрағат» тақырыбына брифинг өткізді.

Жұмыс барысында мұрағатқа істерді уақытылы тапсыру және істердің сақталу мерзімі талқыланды.

Жалағаш аудандық сотының  және Жалағаш ауданының мұрағатының директоры мұрағаттағы істерді  жаңа тізбе  және  қоры туралы тәртібіне түсініктеме бере отырып, істерді, құжаттарды электрондық тәсілмен жүргізу жөніндегі нұсқаулық бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Бас маман  Б.Исағабылов өзінің баяндамасында, қазіргі уақытта жаңа «Электрондық мұрағат» автоматтандырылған «Төрелік» ақпараттық талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша облыстық және оған теңестірілген соттарда  іс -қағаздарын электрондық тәсілмен сақтау  мерзімі автоматтық түрде  қойылады. «Электрондық мұрағат» соттың істерін ақпараттық –талдау жүйесі бойынша «Төрелік» бағдарламасы арқылы берілген арыздар бойынша азаматтар істерді , сот шешімдерін көре алады.

Аудандық мұрағат директоры Ж.Ибраев өзінің баяндамасында брифингке қатысқан қызметкерлерге  Жалағаш ауданының  мұрағатындағы  мұрағат тәртібін және сақтау мерзімін түсіндірді. 2015 жылы мұрағатта жаңа  бағдарлама «Электрондық мұрағат» арқылы  іс- қағаздарын электрондық түрде жүргізу және барлық құжаттарды  сканер арқылы  жаңа бағдарлама арқылы электрондық  мұрағат  жүйесінде тіркеліп жатыр. Жаңа бағдарламада барлық тіркелген құжаттарды электрондық түрде көре алатынын айтты. Электрондық мұрағаттың жүргізілуі мұрағат жұмысының тиімділігіне кепіл береді.

Брифингке қатысқан қызметкерлердің  жұмыс  қорытындысы бойынша  сақтау мерзімдері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы
жергілікті және басқа да соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар кеңселері мемлекеттік мекемелерінің қызметінде жасалатын құжаттар тізбесіне  бірігіп жұмыс істеуге  келісті.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі