Электронды форматтағы екі қылмыстық іс сотта қаралып, тараптар медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бірінші қылмыстық іс бойынша 2018 жылдың маусым айында сотталушы Б. өзінің қылмыстық ниетінен бейхабар жәбірленуші Т.-ның сеніміне кіріп, алдап 300 000 теңге ақшасы мен құжат көшірмелерін алып, бір ай көлемінде Қызылорда қаласында орналасқан ауруханалардың біріне жұмысқа орналастырып беретіндігін жалған айтып, бөтеннің мүлкін жымқырып, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағандығы жөнінде электронды форматтағы қылмыстық іс сотта қаралды.

Екінші қылмыстық іс бойынша 2018 жылдың тамыз айында жәбірленуші Ж. сотталушы В.-ның мекен-жайына барып, күйеу баласы К.-нің «Альянс банк» банкінде 1 000 000 теңге несиесін жауып беремін деп сұраған 80 000 теңге ақшаны қолма-қол санап берген. Аталған ақшаны алаяқтық жолмен алдап алған сотталушы В. жәбірленуші Ж.-ға несие 2 айдың ішінде толық жабылып, сот шешімі шығатындығын айтып сендіріп, қылмыстық іс-әрекетін ақырына дейін жеткізген.

Сотталушылар алдау арқылы сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқырып, алаяқтық, яғни Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Екі қылмыстық іс сот талқылауы барысында сотталушылар жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласып, электронды форматтағы қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі