Аудандық сотта брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015-жылдың 27-мамырында Шиелі аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Аталған шараға  аудандық соттың судьялары мен жергілікті «Өскен-өңір», «Шарайна-Сейхун» газеттерінің тілшілері А.Батырбеков, Б.Елтаева қатысты.

Брифинг барысында аудандық сот судьясы А.Түбекбаева 2015-жылдың 5 айының қорытындысымен сот өндірісінде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ата-аналары тарапынан жасалған әкімшілік істер бойынша түсіндірме берді.

Атап айтқанда аудандық сотының өндірісінде 2015 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 504 әкімшілік іс түсіп, соның 461 ісі қаралып аяқталған.

Олардың ішінде: ҚР ӘКБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен 4 әкімшілік іс түсіп, оның 3 тұлғаға қатысты әкімшілік жауапқа тартылған, 442 бабының 1 бөлігімен 13 іс түсіп, оның 12 тұлғаға қатысты әкімшілік жауапқа тартылып, 11-не айыппұл салынған, 1 іс бойынша ескерту жазасы берілген, 442 бабының 2 бөлігімен 125 іс түсіп, оның 122 жауапқа тартылып, ескерту жазасы берілген. 442 бабының 3 бөлігімен 10 іс түсіп, 10 тұлға әкімшілік жауақа тартылып, айыппұл салынған.

Судья Ә.Түбекбаева өз сөзінде балаларды тәрбиелеу-бұл әрбір ата-ананың міндеті, болашағына жауаптылығы. Баланың болашақ тағдыры көптеген жағдайда ата-анасына байланысты. Баласын қайырымдылыққа, инабаттылыққа, төзімді адамгершілікке тәрбиелеуде, баласына үлгі болу үшін, өнегелі ата-ана баласының мінез құлқын бақылауы тиіс. Сонымен қатар, заңда белгіленген мерзімнен тыс уақытта  тұрғын үй жайдан басқа жерде кәмелетке толмаған жасөспірім заңды өкілінсіз жүруін қатаң бақылауы тиіс

Сонымен қатар, тұрғындар арасында, оның ішінде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығына тоқталып, кәмелетке толмағандар мен олардың заңды өкілдерінің әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылу жайттарын айтты.

Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде сотта қаралған әкімшілік істердің 30,3 пайызы ӘҚБтК 442 бабымен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылыққа, яғни кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде  үйден тыс болуына байланысты болғанын атап өтті.

Брифинг барсында кәмелетке толмағандардың қылмыс жасау және құқықбұзушылыққа бару себептері, кәмелетке толмағандардың қылмыс жолына түсу әрекеттерін шектеу мәселелері талқыланды.

Аталған шараға қатысушылар тақырып бойынша пікір алмасып, ұсыныстар мен тілектерін білдірді.

Брифинг қорытындысында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық профилактикасын күшейту және олардың құқықтарын қорғау жұмыстарына аса көңіл бөлу қажеттігі ұсынылды.

Бұдан кейін журналистер қауымы судьяға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.

Шара соңында сот төрағасы М.Еркінбеков БАҚ өкілдеріне алғысын білдіріп, одан әрі бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі