Жаңалықтар

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН СОТТАЛУШЫ АДАМ ӨЛІМІНЕ СЕБЕПШІ БОЛДЫ

20/02/2014

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған кәмелетке толмаған сотталушы С.-ға үкім шығарды.

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК ІСТЕР СӨЗ БОЛДЫ

17/02/2014

Жуырда Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында, Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Жиында «Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 635, 638, 646 - баптары негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы түзу,хаттама жасау мерзімдері жәнехаттаманы, істің басқа материалдарын хаттама жасаған органға кері қайтару» дөңгелек үстелдің басты тақырыбы ретінде талқылауға түсті.

«ЖАҢА КҮН» БАҒДАРЛАМАСЫНДА ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

14/02/2014

Қазіргі уақытта дербес сот билігін құрып отырған мемлекетімізде судьялардың қоғам талабына сай, тиімді сот төрелігін жүргізу барысындағы жауапкершіліктеріне баса назар аударылып отыр. Барлық соттарда сот әділдігін жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстарын ашық көрсету үшін сот органдары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

13/02/2014

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі келесі аптада бірқатар соттарда «Ашық есік» күні өткізілетінін хабарлайды.

Соттың атауы

Күні

Уақыты

1

Сырдария аудандық соты

18 ақпан 2014 ж.

10.00-12.00

2

Жалағаш аудандық соты

18 ақпан 2014 ж.

16.00-18.00

3

Жедел кеңес

06/01/2014

06.01.2014 жылы Қызылорда облыстық сотында  облыстық сот төрағасының, алқа төрағаларының және Қызылорда қаласында орналасқан соттар төрағаларының қатысуымен кезекті жедел кеңес өтті. 

Жиналыста алқа төрағаларының, аудандық және қалалық сот төрағаларының өткен аптада атқарған жұмыстары мен сот өндірісіндегі істер барысы туралы ақпараттары тыңдалды.

Судьялар өзара пікір алмасты

28/12/2013

Жуырда Қызылорда облыстық сотының Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен облыстық соттың мәжіліс залында семинар сабағы өтті.

Семинарға Қызылорда облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинар сабақты облыстық соттың оқу орталығының үйлестірушісі судья А.Ерманов ашық деп жариялап, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Алғаш тағайындалған судьялардың қатысуымен семинар сабағы өтті

27/12/2013

Жуырда алғаш тағайындалған судьялардың қатысуымен Қызылорда  облыстық сотында семинар сабағы өтті.

Аймақтық оқу орталығы ұйымдастырған семинарға Қызылорда облыстық сотының судьялары аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

Семинарды Қызылорда облыстық сотының судьясы А.Ерманов ашып беріп, жас судьяларға іс құжаттарын жазуда ұқыптылықпен қарап, тәжірибелі судьялардан үлгі алып, теориялық тұрғыда алған білімдерін тәжірибе жүзінде ұштастыруда өте мұқият болуларын айтып, өз кеңесін беріп өтті.

Кеңсе меңгерушілердің біліктілігі тексерілді

26/12/2013

Жуырда Қызылорда облыстық соты кеңсесінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық және оған теңестірілген соттардың азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық есептерін қалыптастыру және кеңсе меңгерушілерінің біліктілігін арттыру мақсатында, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңнамалары мен «бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі» бағдарламасы бойынша тестілеу өтті.

Беттер