Жедел кеңес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

06.01.2014 жылы Қызылорда облыстық сотында  облыстық сот төрағасының, алқа төрағаларының және Қызылорда қаласында орналасқан соттар төрағаларының қатысуымен кезекті жедел кеңес өтті. 

Жиналыста алқа төрағаларының, аудандық және қалалық сот төрағаларының өткен аптада атқарған жұмыстары мен сот өндірісіндегі істер барысы туралы ақпараттары тыңдалды.

Жиында облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков алқа төрағалары мен аудандық сот төрағаларына сот істерін қарау кезіндегі олардың мерзімдерінің сақталуын, созбалаңға салынбауын ұдайы бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ сот құжаттарының БААТЖ жүйесіне толық және сапалы салыну жағдайын ұдайы қадағалауда ұстауды тапсырды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі