Тараптар медиациялық келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Талапкер Г. жауапкер Е.-ден баласы үш жасқа толғанға дейін өз пайдасына алимент өндіруді сұраған талап арызымен сотқа жүгінген. 

Талапкер талап арызында ортақ некеде болған уақытта босанған баласы өзінің тәрбиесінде екені, қазіргі кезде бала күтіміне сәйкес жұмыс жасамай үйде отырғанын, жауапкермен араларында тіркелген неке бұзылғанын, сондықтан баласы үш жасқа толғанша өзінің пайдасына алимент өндіруді сұраған.

Осы азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды (дау-шарды) медиация тәртібімен реттеу бойынша өзара келісімге келді, ол туралы 20 қазан 2014 жылы медиация туралы шарт жасалды.

Тараптардың медиация нәтижесінде өздері қол жеткізген келісімдері заңға қайшы келмейді және басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбайды.

Тараптардың осы іс бойынша медиация нәтижесінде дауды (дау-шарды) реттеу негізінде өздері қол жеткізген келісімі бекітіліп, азаматтық іс қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі