Медиация тәртібімен қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес азамат Д. 2015 жылғы 20 мамырында Балаби ауылындағы өзінің танысы азаматша А.-ның үйіне барған. Азамат Д. қасақана пайдакүнемдік ниетпен бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында үйге кіріп, бөлмедегі үстелдің үстінде әйел сөмкесін көріп, сөмкеден 30 000 теңге ақшаны ұрлап алып, жәбірленушіге мүліктік зиян келтірген. Сот отырысында сотталушы Д.-дан жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуы жөнінде өтініш түскен.

Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі