«ҚР ӘҚБтК-н қолдану барысында туындаған мәселелер» бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ммамандандырылған ауданаралық сотында «ҚР ӘҚБтК-нің қолдану барысында  туындаған мәселелері тақырыбында дөңгелек үстел өтті.         

Дөңгелек үстелге сот төрағасы А.Әбу, судья Қ.Бержанов, қала прокурорының аға әділет кеңесшісі А.Құрбанов, ювеналды полиция майоры Г.Дуйсенова, адвокат А.Ділімбетов, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Д.Мырзалиев және ақпарат құраладарының өкілі қатысты.

Дөңгелек үстелде ҚР ӘҚБтК-нің қолдану барысында туындаған мәселелер, әкімшілік материал дайындау барысында хаттаманы заң талаптарына сай әзірлеу, заң талаптарын бұзған әкімшілік материалдар бойынша қабылдаған жеке қаулылар бойынша әңгіме өрбіді. 

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі